Теміржолшылар балаларының жазғы демалысы аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жазда теміржолшылардың 4 мыңға жуық баласы «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның әлеуметтік саясатының аясында сауықтыру орталықтары мен лагерьлерде демалып қайтты.
None
None

Ата-аналары жолдамаларды өткен жылдағыдай, жеңілдікпен, тек 10 пайызын төлеп қана сатып алды, қалған құны «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның әлеуметтік шығындар бюджетінен алынған.

Барлық демалыс аймақтары әдемі жерлерде - орманда, өзендер мен көлдердің жағасында орналасқан. Мысалы, Ақмола бөліміндегі теміржолшылардың балалары Бурабай аймағының сауықтыру орталықтарында, Шығыс Қазақстандағы бөлім - Өскеменге жақын жердегі «Матросовода», Алматы бөлімі - «Мадагаскарда», Қостанай бөлімі - «Сосновый борда», Павлодар бөлімі - «Лесная сказкада», Қарағанды - «Березкада», Жамбыл - «Болашақта», Ақтөбе - «Энергетикте», Маңғыстау - «Фламинго» лагерінде демалды.

Барлық балалардың демалуына жайлы жағдайлар жасалып, күніне бес рет тамақтандырумен, демалыстың белсенді бағдарламасымен қамтылды.

«ҚТЖ ҰК» АҚ-ның әлеуметтік қолдау бағдарламасы теміржолшылардың 7-13 жас аралығындағы балаларын қамтиды.

Соңғы жаңалықтар