Тендерге шетелдік компаниялардың қатысуына мүмкіндік беретін заң қабылданады - ҚР Қаржы министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алуларға ДСҰ аясында шетелдік компанияларға да жол ашу мақсатында арнайы заң жасақталуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, жақында ол заңның жобасы ҚР Парламенті қабырғасына өтеді.

«Тиісті нормативтік-құқықтық базаны жасағаннан кейін, әрине, шетелдік компаниялар Қазақстан аумағында мемлекеттік сатып алуларға еркін қатыса алады. Бұл біздің компаниялар үшін өте үлкен бәсекелестік болары анық. Меніңше, ол көп ұзамай болады, себебі ДСҰ бойынша құжаттар қабылданды және тиісті заңнамалық нормалар пакеті Парламентке қыркүйекте енгізіледі. Тиісті шешімдер жасалады», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар