Теңге ортамерзімдік келешекте тұрақты валюта боп қалады - Ұлттық банк төрағасы
Оны ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстандағы банктік реттеу реформасы: ауыспалы ортада тұрақтылықты сақтау» деп аталатын Американ сауда палатасының экономикалық саясат форумында айтты.
«Қаржы тұрақтылығын сақтау және ынталандыру мақсатында дағдарыс кезінде тәуекелді төмендету үшін бірқатар шаралар жасалды. 2009 жылдан бастап теңге + - 2 пайызға нығайды. Біз теңге тұрақты боп қалады деп санаймыз», - деді Г.Марченко. Оның айтуынша, Қазақстанға нашар ақпараттың бәрі Еуропадан, дамыған елдерден келеді. Өзге елдерде шикізат бағасы өте жоғары. Мұнайдың орташа бағасы соңғы 10 айда баррель үшін 112 долларды. құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Қазақстанда сауда балансында айтарлықтай өсім бар. Ағымдағы шоттарда да. Еуропалықтар өз мәселелерін шешсе, макроэкономикалық ахуал Қазақстан үшін жағымды. Егер нашар ақпарат тоқтаса, орта мерзімдік келешекте теңге тұрақты болып, долларға шаққанда біршама нығаятын болады.