Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 0,2 пайызға нығайды -Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-cі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурызда валюта нарығы жеткілікті деңгейде тыныш болды.
None
None

Оны Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Наурызда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 146,89-147,45 теңге ауқымында өзгерді. Ұлттық валюта 0,2 пайызға нығайды және айдың аяғында биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 146,98 теңгені құрады. Сондай-ақ ақпанға қарағанда наурызда біз долларды аз сатып алдық. Ол 400 миллион долларды құрады», дейді Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Оның айтуынша, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді есепке алғанда, ақпанмен салыстырғанда 26 пайызға азайды және 3,7 миллиард долларды құрады. Ал биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 34,4 пайызға төмендеп, 4,1 миллиард доллар болды.

Соңғы жаңалықтар