17:11, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Теңіздегі өндірісті кеңейтуге 10 млрд. доллар құйылады
АТЫРАУ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында Теңіз және Королев кен орындарын игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-і 2016 жылғы дейін үшінші деңгейлі зауыттың құрылысына 10 млрд. доллардан астам қаржыны құймақ.

Бұл туралы ТШО Үкімет пен қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджері Рзабек Артығалиев хабарлады. Оның айтуынша, екінші деңгейлі зауытқа көп жағынан ұқсас болашақ кеңейту жобасының бірқатар өзгешеліктері де бар. Теңізде 2016 жылға дейін салынатын үшінші зауытта тек мұнай дайындайтын құрылғылар ғана жұмыс жасайды. Кәсіпорында газ бен күкіртті өндіретін құрылғылар болмайды, өйткені мұнаймен бірге жер бетіне шығып қалатын газды қайтадан жерасты қыртысына айдау жоспарлануда.
2016 жылы жаңа деңгейлі зауытты пайдалануға бергеннен кейін Теңіздегі мұнай өндіру жылына шамамен 12 млн. тоннаға артып, жылына 36 млн. тоннаның деңгейіне дейін жетпек.