14:57, 11 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Теңізшевройл» аймақ экологиясына зиян келтіргені үшін 1 миллиард теңге айыппұл төледі
АТЫРАУ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында Теңіз және Королев кеніштерін игерумен айналысатын «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 миллиард теңгеден астам соманың айыппұлы салынды.
Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның айтуынша, мұнай компаниясы 2009 жылы Жылыой ауданында уәкілетті органның қоршаған орта эмиссиясына беретін ресми рұқсатынсыз күкірт қорын сақтап, аймақ экологиясына зиян келтірген. Мамандар бұл шығынды 1 миллиард 87 миллион теңгеге бағалады.
«Компанияның мойнына салынған айыппұлдың барлық сомасы қазіргі таңда бюджетке келіп түсті», деп хабарлады С.Жұмашева ханым.