«Теңізшевройл» биыл 26 млн тонна мұнай алмақ - ҚР Энергетика министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Теңізшевройл» компаниясы биыл 26,4 млн тонна мұнай өндiрудi жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін халыққа есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
None
None

«Теңізшевройлды» кеңейтудi экономикалық-әлеуметтiк маңызды жоба деп есептеймiз. Алдағы уақытта осы жобаны қаржыландыру бойынша шешiм қабылданады. Бұл жоба 27 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейiн мұнай өндiру көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Ал құрылыс жұмыстары кезiнде 20 мың жұмыс орны ашылады. Бұл кен орнының жаңа нысандары 2022 жылы ашылады деп болжанып отыр»,-деп атап өтті Қ.Бозымбаев. 

«Қарашығанақ кен орнында 2016 жылы 11,6 млн тонна мұнай мен 17,5 млрд текше газ өндiрiледi. Қазiргi уақытта Қарашығанақты дамыту тұжырымдамасы қарастырылып жатыр. Қарашығанақты кеңейту шешiмiн 2017 жылы қабылдап, жаңа нысандарды 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жоба жаңа 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi»,-деп хабарлады Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар