«Теңізшевройл» компаниясы өндірісті кеңейтетіні туралы мәлім етті

АТЫРАУ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін «Теңізшевройл» компаниясы Теңіз кен орнындағы өндірісті арттыратыны туралы мәлімдеді, осының арқасында мұнайды өндіру жылына 12 млн. тоннаға ұлғаймақ.
None
None

Бұл туралы ақпарат Атырау облысының Құлсары қаласында өткізілген «Құрылысқа қаржы құю туралы ниет декларациясы және болашақ кеңейту үшін қоршаған ортаға шолу» қоғамдық тыңдаулар барысында жария етілді. Кеңейту жобасы Теңізде тағы бір зауытты салуды қарастырып отыр.

Тыңдауларда белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың соңына қарай ТШО болашақ кеңейту жобасының бірінші тендерін өткізуді жоспарлап отыр. Жобаның жүзеге асырылуының басы - 2011 жылдың соңы мен 2012 жылдың бас кезі. Жұмыстардың аяқталуы 2016 жылға жоспарланып отыр. Теңіздегі мұнай өндіру компанияларының қуатын арттыру кезеңінде шамамен 15 мыңдай жұмысшы мен маман тартылып, жоба аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен кем дегенде 500 адам қамтылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар