10:39, 19 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Теңізшевройл» ЖШС 22 млн. сағат оқиғасыз жұмыс істеді
АТЫРАУ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кенішін игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС ұжымы 22 миллион сағат жұмыс уақытын жоғалтуға қатысты оқиғасыз жұмыс істеді.

Осы жетістікке түсінік бере келіп, ТШО бас директоры Тодд Леви бұған компания зауыттары мен кәсіпшіліктерге техника қауіпсіздігінің жетілдірілген бағдарламасын енгізу арқылы қол жеткізілгенін мәлімдеді.