15:50, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тим Миллер болды
АТЫРАУ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында Теңіз және Королевское кен орындарын игеріп жатқан «Теңізшевройл» компаниясында бас директор ауысты. Тодд Левидің орнына бұл орынға Тим Миллер тағайындалды. Бас директордың ауысқаны жайлы облыс әкімі Бергей Рысқалиев хабарлады.
Аймақтағы табысты еңбегі үшін алғыс айтқан Б.Рысқалиев Тодд Левиге Құрмет грамотасын табыс етті.
Тодд Леви Теңіз кен орындарында «Теңізшевройл» бас директоры болып қызмет атқарған жылдары бұл жерде екі ірі жоба аяқталды - кейін жер асты қыртысына ілеспе газды қайта айдауға қатысты жоба мен екінші деңгейлі зауыт. Бұл жобалар ТШО-ға мұнай өндірудің көлемін жылына 14-тен 24 миллионн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.