«Теңізшевройл» ЖШС экологияға зиян келтіргені үшін 1,715 млрд. теңге айыппұл төледі - прокуратура

АТЫРАУ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Теңіз және Королев кеніштерін игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС мемлекет кірісіне 1 млрд. 715 млн. теңге аударды.
None
None

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның хабарлауынша, мұндай сомада мұнай компаниясына ілеспе газды алауға заңсыз жаққаны үшін айыппұл салынды. Соның салдарынан аймақтың қоршаған ортасына зиян келтірілген.

«Теңізшевройл» ЖШС әртүрлі деңгейдегі апелляциялық соттарға шағмданып, айыппұлды төлемеу үшін дауласуға әрекеттенген. Бірақ та айыппұл өндіру жөнінде талап-шағым берген Жайық-Каспий экология департаментінің іс-әрекеті табиғат қорғау прокуратурасының ұсынбасы бойынша негізді деп табылды. Барлық айыппұл сомасы толығымен мемлекет кірісіне түсті», - деп хабардар етті С.Жұмашева.

Жыл басынан бері Атырау облысының табиғат қорғау прокуратурасы экологияны ластаумен байланысты әртүрлі заң бұзушылық жасаған табиғат пайдаланушылардан 3 млрд. 566 млн. 763 мың теңге айыппұл өндірді.

Соңғы жаңалықтар