19:06, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«ТеңізШевройл» ЖШС қызметкерлерінің банктік салымдарын бірлесіп қаржыландыратын болады
АТЫРАУ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында Теңіз кен орнын игерумен айналысып жатқан «ТеңізШевройл» ЖШС қызметкерлерінің банктік салымдарын бірлесіп қаржыландыру бағдарламасын әзірледі.

«ТеңізШевройл» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарламаға сай кез келген қазақстандық қызметкер банктегі депозитке жылына өзінің еңбекақысынан 10 пайызға дейін аудара алады. Егер мұндай аударымдар үш жылға созылса, кәсіпорын салымға аударылған соманың 3 пайызын салымшыға қосады. Үш жыл толған кезде қызметкер оның банкте жинақталған барлық қаражаттарға билік етуге еркі бар.