Теңізшевройлдың» Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 45,5 миллиард долларды құрады

АТЫРАУ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атырау облысындағы Теңіз кенішін игеруші «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1993 жылдан бергі тұтас салымы 45,5 миллиард долларды құрады.
None
None

Бұл туралы ТШО бас директорының орынбасары Әнуарбек Жәкішев хабарлады. Оның айтуынша, тек қана 2010 жылдың өзінде компания Қазақстанның экономикасына 10 миллиард доллар пайда әкелген.

«Кәсіпорындардың қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуының көлемі де артты. Егер, 1995 жылдан бастап, қазақстандық тауар өндірушілерден небәрі 9 миллиард 600 миллион доллардың тауарлары мен қызметтері сатып алынса, 2010 жылдың өзінде бұл көрсеткіш 1 миллиард долларды шамалаған», - деді Ә.Жәкішев өз сөзінде.

ТШО Теңіз кенішінде қазіргі таңда жылына 26 миллион тоннаға мұнай өндіреді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум