09:22, 07 Қаңтар 2012 | GMT +5
Теректі ауданында 51 сайлау учаскесі жұмыс жасауда - БҚО
ОРАЛ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Теректі ауданында 51 сайлау учаскесі жұмыс жасауда.
Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Мұқашевтің айтуынша, сайлау учаскелеріндегі іске еңбек ұжымдарынан, қоғамдық бірлестіктерден тәжірибелі қызметкерлер тартылған. Сайлаушылар тізімін нақтылау, учаскелер шекараларын анықтау, сайлау заңнамаларымен таныстыру жұмыстары атқарылды.
Барлық сайлау учаскелері қажетті ұйымдастыру техникасымен, телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Ауданда шетелдік байқаушылар да болып, учаскелер жұмысымен танысты.
Теректі - облыстағы ірілендірілген ауданның бірі, бір-бірінен алыс жатқан елді мекендер де аз емес. Сондықтан алдағы сайлауға жан-жақты әзірленіп, оны ұйымшылдықпен өткізу - басты міндет.