Теректібұлақ ауылының мұғалімдері өз күшімен жаңа мектеп салуда

ӨСКЕМЕН.  Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Шығыс Қазақстанның  Күршім ауданындағы   Теректібұлақ  ауылында   180 орындық  жаңа мектеп  пайдалануға    беруге  әзір  тұр. 
None
None

Жергілікті  бюджеттен      қаржы тек  құрылыс материалдарына  бөлінген, ал   барлық жұмысты  педагогикалық ұжым  еңбекпен қамту     қызметі арқылы жұмысшыларды тарта  отырып,  өз күшімен    атқаруда,  деп   хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Күршім ауылындағы  Островский атындағы  мектеп те  осындай әдіспен  салынып  отыр.

Өңірге жасаған  сапары  барысында   облыс әкімі Бердібек Сапарбаев   жергілікті  педагогтардың ынталылығы мен   белсенді азаматтық ұстанымдарын  атап көрсетті. Әкім сондай-ақ, оқушыларына     беріп  отырған  білімдерінің   жоғары   деңгейі  үшін    Күршім ауданының мұғалімдеріне   алғысын білдірді.

Мысалы,    биыл  Күршімдегі  мектеп-гимназияның      түлегі Әйгерім  Төлеуғазы   облыс   бойынша   үздік көрсеткіш көрсетті:  ол ұлттық біртұтас тестілеудің  қорытындысы  бойынша 123  балл  жинап,     Қазақстанның  үздік  түлектерінің  бестігіне  кірді.

Соңғы жаңалықтар