17:31, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Тереңөзек кентінде «Нұрбөбек» балабақшасы ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде «Нұрбөбек» балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ескі нысанды мемлекет меншігіне сатып алып, қайта жөндеуден өткізу арқылы жүзеге асырылды. Бос тұрған нысанды алуға облыстық бюджеттен 5,7 млн. теңге бөлінсе, жобалау-сметалық құжаттарды дайындауға аудандық бюджеттен 2,9 млн. теңге қаралған болатын. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізген «Престол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жергілікті бюджеттен бөлінген 50 млн. теңгені толық игерді. Екі топқа лайықталған 50 орындық балабақша талапқа сай жабдықталған.