«Tethys Petroleum Limited» компаниясы Қазақстан экономикасына инвестициялар сомасы көлемін 300 млн. долларға дейін көбейтпек - Д.Робсон

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Душанбеде Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әбутәліп Ахметов «Tethys Petroleum Limited» концернінің бас атқарушы директоры, басқарма төрағасы доктор Дэвид Робсонмен кездесті, деп хабарлайды Тәжікстандағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан елшісі мұнай мен газды барлаумен және өндірумен айналысатын аталмыш компанияның Орталық Азиядағы қызметіне қанағаттанарлық сезімін білдіре келе, сонымен қатар, байланыстардың қолда бар әлеуетін толыққанды пайдаланылмай отырғанына да баса көңіл аударды.

Өз кезегінде, Д.Робсон ҚР елшісіне Орталық Азия аймақтары елдеріндегі мұнай мен газ қорларының барлану әлеуеті туралы айта келе, олардың саланың одан әрі дамуына қосар үлесі орасан екенін де тілге тиек етті.

Қазақстандық дипломат аталмыш компанияның Қазақстан Рспубликасына үлкен ауқымдағы инвестицияларды тартудағы мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Американдық бизнесмен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның табысты сыртқы саясаты, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тартуға қатысты рөлін ерекше атап өтті. Ол атап өткендей, Орталық Азияның өзге де елдері Қазақстан Президентінің тәжірибесін өздеріне икемдеп алып, өз экономикаларын дамытуға барлық жағдайды жасауы қажет. Сонымен қатар, оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта «Tethys Petroleum Limited» компаниясының ҚР экономикасына шамамен 100 млн. доллар қаржы салғанын, алдағы уақытта оның көлемін 300 млн. долларға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар