«The Walt Disney Company» корпорациясы Қазақстанда қайта сақтандырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «The Walt Disney Company» корпорациясы Қазақстанда қайта сақтандырылды. Бұл туралы бүгін «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталмыш сақтандыру компаниясы «The Walt Disney Company» корпорациясын 56 319 163 372 АҚШ долларына қайта сақтандырды. Бұл қайта сақтандыру келісімі бүкіл мүліктік тәуекелдерді (материалдық залалдарды) қамтиды. Олардың ішінде су тасқыны және зілзала да бар.

Естеріңізге сала кетейік, «The Walt Disney Company» корпорациясы қазіргі таңда әлемдегі ең ірі голливудтық студиялардың бірі. Әлемдегі ең қымбат он брендтің бірі - осы WaltDisney. Корпорацияның 11 әр түрлі бағыттағы ойын-сауық парктері, екі аквапаркі, төрт круиздік кемесі бар.

WaltDisney әлемге «Арыстан патша», «Сұлу қыз бен құбыжық», «Кішкентай су перісі», «Мэри Поппинс», «Тарзан» секілді атақты музыкалық қойылымдарды сыйлаған.

Соңғы жаңалықтар