Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талқыланды - Шымкент

ШЫМКЕНТ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте ҚР Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
None
None

Жиынға ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров, «Руханият» тіл орталығының, Астана, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

«Талқылауға біз сондай-ақ «Нұр Отанның» облыстық филиалының өкілдерін, шенеуніктерді, облыстық ономастикалық комиссияның мүшелерін, білім үздіктерін, тілтанушы ғалымдарды, жоғары оқу орындарының басшыларын, білім саласының қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақырдық»,- деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Тіл саясатына қатысты бұл отырыста ғалымдардың, тіл мамандарының тарапынан түрлі ұсыныс-кеңестер айтылды. Лингвистикалық кеңістікті дамыту жөніндегі аймақтық тәжірибеге талдау жасалды.

Соңғы жаңалықтар