16:58, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
«Титан-магний комбинаты» АҚ әкімшілігі еңбек ұжымымен есеп беру кездесуін өткізді
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Титан-магний комбинаты» АҚ әкімшілігінің еңбек ұжымымен болған есеп беру кездесуіне қатысты,
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу күн тәртібіндегі негізгі мәселе - әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы және титан құймалары мен балқымаларын шығаратын зауыт құрылысының іске асырылуы болды. Бүгінгі күні зауытта қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал зауытты пайдалануға енгізу екінші жартыжылдыққа жоспарланып отыр.
Бұл жобаның Қазақстанды индустрияландыру картасына енетінін естеріңізге саламыз. Жаңа зауыттың өнімдері төртінші шекке дейін өңделетін болады.
Аймақ басшысы зауыттың мерзімінде іске қосылатынына үміт артатынын білдірді. Кездесуден кейін ол кәсіпорын цехтарында болды.