ТМД Атқарушы комитетінде «Қазақстан - антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» атты фотокөрме ашылады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД Атқарушы комитетінде тамыздың 17-сінде «Қазақстан - антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» атты фотокөрменің салтанатты ашылу рәсімі болады.
None
None

Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшісі ұйымдастырып отырған көрме әлем жұртшылығы тамыздың 29-ында атап өтетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналады.

Көрмені Қазақстанның Беларусь еліндегі елшісі, Қазақстанның Достастықтың жарғылық және басқа органдарындағы тұрақты уәкілетті өкілі Анатолий Смирнов ашады, деп хабарлады Достастықтың Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.

Салтанатты шараға Достастық мемлекеттерінің елшілері мен тұрақты өкілдері, Беларусь елінде тіркелген дипломатиялық миссиялардың қызметкерлері, ТМД Атқарушы комитетінің басшылығы шақырылып отыр. Көрменің ашылу рәсіміне ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедев те қатысады.

Соңғы жаңалықтар