ТМД Атқарушы комитетінің бас хатшысы Беларус Президентінің сайлауына ТМД байқаушыларының миссиясын бастап барады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы- ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев желтоқсанның 19-ында өтетін Беларус Республикасы Президенті сайлауының барысын бақылайтын Достастықтың байқаушылар мисиясының жетекшісі болып сайланды. ТМД жанындағы жарғылық және басқа да органдардағы Тұрақты өкілетті өкілдердің кеңесі осындай шешім қабылдады.
None
None

Атқарушы комитет төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркунның айтуынша, Беларус Республикасындағы президенттік сайлаудың барысы объективті бақыланатын болады және миссия мүшелерінің шешімдері тек өз байқауларына және елдің заңнамасына негізделмек. «Байқаушылар бейтараптылық танытуы, сайлау барысына және мемлекеттің ішкі істеріне араласпаулары керек»,- деп атап көрсетті ол.

В.Гаркун сондай-ақ, ТМД Атқарушы комитеті президенттік сайлаудың барысын бақылауға қатысу туралы шақыруды Беларус Республикасының Сыртқы істер министрлігінен қыркүйектің 16-сында алғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар