ТМД байқаушылары миссиясына С.Лебедев басшылық жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД байқаушылары миссиясына С.Лебедев басшылық жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода мәлім етті.
None
None

«ТМД байқаушылары миссиясын Лебедев Сергей Николаевич басқарады. Ол - ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы. Ол Қазақстанда бірнеше мәрте болып, миссия басшылық жасаған болатын»,- деді ол.

Оның атап өтуінше, ТМД байқаушылары миссиясы сайлау барысын байқау кезінде Қазақстанның сайлау заңнамасының сақталуын қатаң басшылыққа алып, мемлекет ісіне араласпау қағидаттарын ұстануға баса мән беретін болады.

Сонымен қатар ол миссия кандидаттардың сайлауалды штабының, сайлау комиссияларының жұмысымен танысып, халықаралық байқаушылармен кездесулер өткізетіндігін атап өтті.

«Біздерде Қазақстан Республикасындағы сайлау науқаны қалай өтетіндігін нақты көріп, шынайы бағалауға уақыт жеткілікті», - деп түйіндеді сөзін Е.Слобода.

Соңғы жаңалықтар