ТМД-да қауіпті криминалдық көріністердің реті бойынша ары қарайғы шиеленісу тенденциясының жағдайы сақталып отыр

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - 2008-2009 жылдары Достастық елдерінің аумағында құқық қорғау органдары 26 біржолғы кешенді жедел-алдын алу шаралары мен 4 арнайы операция жүргізіп, соның нәтижесінде 61,3 мың қылмыстың беті ашылған.
None
None

«Осы кезеңде Достастық елдерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде іздеуде жүрген 22 мың тұлға қолға түсті, 341 ұйымдасқан қылмыстық топ пен ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың қызметі тоқтатылды, оқпен атылатын 6,8 мың дана қару мен 10,9 тонна есірткі заттары тәркіленді, көші-қон заңнамасын бұзған 16 мыңға жуық адам анықталып, адам саудасына қатысты 500-ге тарта факт белгілі болды, заңсыз көші-қонмен айналысқан 72 арна жойылды», - деді ТМД Атқарушы комитетінің қауіпсіздік және жаңа шақыртулар мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі департамент директоры Альберт Дружинин.

Сонымен қатар 2009 жылы қауіпті криминалдық көріністердің реті бойынша ары қарайғы шиеленісу тенденциясының жағдайы сақталған.

«Сондықтан Достастыққа мүше елдердің құқық қорғау және басқа да құзіретті органдары 2010 жылы ТМД ары қарай дамуы Концепсиясын жүзеге асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың атқарылу жоспарын орындау бойынша белсенді жұмыс істеуі керек», - деді маман.

Соңғы жаңалықтар