ТМД елдері Достастықтағы елдердің Инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық мақсатты бағдарламасы жобасын дайындауда

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Экономиканың жоғарғы мектебінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2020 жылға дейінгі Инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық мақсатты бағдарламасы жобасының басты және ұлттық дайындаушыларының үйлестіру кеңесі өтті.
None
None

Кеңеске Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Украинаның 40-тан астам өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері, бағдарламаны дайындау бойынша ТМД жұмыс тобының жетекшісі Владимир Мунтиян, ЖОО-дың, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Ресей ынтымақтастығы жетекшісінің орынбасары Иван Морозов алғашқы сатыдағы ТМД Атқарушы комитеті мен жұмыс тобының маңызды рөлін, сондай-ақ бағдарламаның бөлімдерін толықтырудағы барлық ұлттық дайындаушылардың қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінде.

Экономканың жоғарғы мектебі өкілдері жобаның кеңейтілген таныстырылымын көрсетті.

Кеңес қорытындысы бойынша үйлестіруші-тапсырыс беруші мен басты дайындаушының қызметі жақсы бағаланған хаттамаға қол қойылып, бағдарламаның алдын ала жобасы мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар