17:12, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
ТМД елдері фискалдық сарапшыларының семинары Астанада өтеді
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Мамырдың 27-29-ы күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі еліміздің Қаржы министрлігімен және Халықаралық Салық және Инвестиция Орталығымен (ХСИО) бірлесіп, Еуразия мемлекеттерінің фискалдық сарапшыларына арналған бесінші Жыл сайынғы семинарын өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Семинар үкіметтік, парламенттік, ғылыми сарапшылармен бірге Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Әзірбайжанның, Түркіменстанның және Арменияның өнеркәсіп саласындағы салық және экономика мәселелері жөніндегі сарапшыларының да басын қосады. Семинарға сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың өкілдері де қатысады. Шетелдік сарапшылардың құрамына Маастрих университетінің профессоры Сиджберн Кноссен кіреді. Семинар «Экономиканы ынталандырудың салықтық қырлары, Дағдарысқа қарсы реформалар», «Кең базада тұтынуға салық салудың баламалы үлгілеріне шолу жасау», «Тікелей салық салу мен табыстарды бөлу және трансферттік баға белгілеу» тақырыптары бойынша өтеді.Мәслихаттың қорытындылары бойынша ХСИО «Жыл сайынғы 13- арнайы есебін» шығарады, онда Қазақстанды қоса ТМД елдеріндегі инвестициялық режімдер салыстырылады.Осының алдындағы семинарлар Парижде (2008 жыл), Сингапурде (2007 жыл) және Дубайда (2006 және 2005 жылдар) өткізілген болатын.