ТМД елдері полицейлерінің бірлескен операциясы нәтижелі аяқталды

Олардың бесеуі - ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін іздеуде жүргендер, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Ресейдің Алтай өлкесінің ішкі істер департаменті тонау қылмысы үшін 8 жыл бойы іздеп келген Т., деген азамат Шемонаиха қаласында ұсталды.
Ал Аягөз және Семей қалаларында әр кездері Аягөздің екі тұрғынының денсаулығына ауыр зардап келтірген екі қылмыскер қолға түсті. Семей мен Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды зорлаған екі қылмыскерді ұстады, олардың біреуіне Талдықорған полициясы іздеу жариялаған болып шықты.
«Іздеу» операциясының барысында сонымен бірге, үз-түзсіз жоғалып кеткен 4 адам табылды.