09:44, 30 Қараша 2009 | GMT +5
ТМД елдері статистикалық қызмет басшылары кеңесінің тең төрағасы болып А.Смайылов - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы тағайындалды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД елдері статистикалық қызмет басшылары кеңесінің тең төрағасы болып ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы А.Смайылов тағайындалды,
деп хабарлайды ТМД елдері Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Ал ТМД-ға қатысушы мемлекеттер статистикалық қызмет басшылары кеңесінің төрағасы болып Беларус Республикасы ұлттық статистика комитетінің төрағасы Владимир Зиновский тағайындалды. Сонымен қатар, тең төраға болып Велиев Микаил оғлы - Әзірбайжан Республикасы статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тағайындалды.