ТМД елдеріне арналған оқулықтар XVIII Минск халықаралық көрме-жәрмеңкесіне қатысушылардың зор қызығушылығын туғызды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Беларусьте 2011 жылдың 9-13 ақпаны аралығында өткізілген XVIII Минск халықаралық көрме-жәрмеңкесі аяқталды, деп хабарлады ТМД баспасөз клубы.
None
None

Іс-шараның маңызын есепке ала отыра, ТМД қатысушы мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры (ГЫМҚ) ауқымды экспозиция ұсыныпты. Қордың қолдауының арқасында шығарылған 50-ден астам кітап «ТМД-ға 20 жыл» сөресіне қойылды. Үш күн бойына көрмеге келушілер ұсынылған әдебиетпен жан-жақты танысты.

Көрмеге келген ТМД елдері елшілері ұсынылған әдебиеттерді жоғары бағалады. ГЫМҚ қолдауымен ТМД елдері үшін шығарылған оқулықтар олардың зор қызығушылығын тудырды, өткен жылдардағыдай сондай-ақ «ТМД әдебиеттерінің классикасы» кітап сериясы да аса қызықтырды.

ГЫМҚ-ға қазақ халқына, оның мәдениетіне деген ақ пейілі үшін Беларусьтегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі әрі ТМД жарғылық органдарының тұрақты өкілі Анатолий Смирнов шынайы алғысын жеткізді. ГЫМҚ XVIII Минск халықаралық көрме-жәрмеңкесіне ашылуына орай Сейіт Қасқабасовтың қазақ фольклорына арналған монографиясын басып шығарды.

Соңғы жаңалықтар