ТМД елдерінің көлік ведомстволары өкілдері көлік саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

АНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 19-20 сәуірде Дондағы Ростов қаласында (Ресей Федерациясы) ТМД-ға мүше елдердің Үйлестіру көліктік мәжілісі Кеңесінің сессиясы өтті,
None
None

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Оған ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тарапынан Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Жұмашев қатысып қайтты. Кездесу барысында көлік саласындағы жалпы проблемалар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі сессияның қарауына Қазақстан Республикасындағы темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін проблемалық мәселелерді ұсынды. Атап айтқанда, «АзовЭлектроСталь» АҚ, «Уралвагонзавод» ғылыми-өндірістік корпорациясы» ААҚ және «Промтрактор-Промлит» ЖШҚ секілді болатқұйғыш зауыттар әзірлейтін құйылған бөлшектердің төмен сапасы жөнінде сөз қозғады.

Жылжымалы құрамның құйылған бөлшектерінің сынуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, болат құю кезінде жіберілген үлкен ақаулықтардың болғаны анықталды. Мұндай ақаулықтар құйылған бөлшектерді пайдалану процесінде жарықшақтың пайда болуына және одан әрі сынуына алып келеді. Сондай-ақ, сынудың 50 пайызында қызмет мерзімі 5 жылдан аспаған бүйір рамалары сынған.

2010 жылы вагон-жөндеу кәсіпорындарының бөлімшелері бөлшектерді қабылдау алу кезінде жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде 1 мыңнан астам жаңа қосалқы бөлшекті, соның ішінде 35 рессорлық арқалықты, 335 бүйір рамаларын, 98 автотіркегіштерді, 55 авторежимін, 49 тежеуіш цилиндрін жарамсыз деп тапты.

Осыған байланысты мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі құйылған бөлшектердің сенімділік көрсеткішін қайта қарау және темір жол жылжымалы құрамының құйылған бөлшектеріне қойылатын талаптарды реттейтін мемлекетаралық бірыңғай стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізді. Сондай-ақ, металдағы ішкі ақаулықтарды анықтау үшін қазіргі заманғы қиратпайтын бақылау әдістерін енгізу арқылы (ренгеноскопияны пайдалану) құю кәсіпорындары өнімдерінің соңғы тексерісін қатаңдату қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.

Соңғы жаңалықтар