09:37, 01 Қазан 2010 | GMT +5
ТМД елдерінің мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтары дамуының өзекті мәселелері Мәскеудегі Третьяков галереясында талқыланады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазанның 4-і күні Мәскеудегі Третьяков галереясында ТМД елдерінің Мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXV мерейтойлық отырысы өтеді. Форумға қатысушылар ТМД елдерінің мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастығы дамуының 20-ға жуық өзекті мәселелерін талқылайды,
деп хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
Кеңес мүшелері «Достастықтың мәдени астаналары» атты жобаны қарайды.
Отырыста сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы мәдени мұра нысандарында жүргізілетін қалпына келтіру және археологиялық жұмыстарға жастардың қатысу мәселесі талқыланады. Жастарды мұндай жұмыстарға тартудың маңыздылығы ЮНЕСКО-ның 2008-2013 жылдарға арналған стратегиясында да қаралған.
Әлемдік мәдени мұраны сақтап қалуға қатысты тағы бір мәселе - сәйкес орталық құру туралы Тұжырымдаманы дайындау болмақ. Бұл туралы ұсыныс 2011-2012 жылдарға арналған гуманитарлық саладағы Басым іс-шаралардың жоспарына енгізілген болатын.