09:21, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
ТМД елдерінің жемқорлыққа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім жобасы әзірленуде
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Сейсенбі күні Минскіде ТМД Атқарушы комитетінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жемқорлыққа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім жобасын талқылау жөніндегі сарапшылар тобының мәжілісі өтеді.
ҚазАқпарат тілшісіне Атқарушы комитеттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Келісімнің жобасы Достастықтың Даму тұжырымдамасы мен Қылмыспен күресудің бірлескен шараларының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Негізгі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жасалып отыр.