ТМД Лаңкестікке қарсы орталығының басшысы болып Андрей Новиков қайта сайланды

МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Андрей Новиков ТМД Лаңкестікке қарсы орталығының (ЛҚО) басшысы қызметіне үшінші рет қайта сайланды.
None
None

ТМД ЛҚО-тың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ведомство басшысының сайлануы жөнінде мәселе 5 желтоқсан күні Ашғабадта ТМД-ға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қаралды.

«ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің 2012 жылдың 5 желтоқсанындағы шешімімен ТМД Лаңкестікке қарсы орталығының басшысы қызметіне полиция генерал-полковнигі Новиков Андрей Петрович тағайындалды. А. Новиков ТМД ЛҚО-ны 2006 жылдың қарашасынан басқарып келеді, оның қызметінің мерзімі үшінші рет ұзартылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар