ТМД мамандары «Жолдардағы қауіпсіздік - өмір қауіпсіздігі» ІІІ халықаралық конгресіне жиналады -Санкт-Петербург

Қазанның 29-ында өтетін конгрестің жұмысына мемлекеттік билік органдарының басшылары, парламентшілер. Халықаралық көлік одақтары мен қауымдастықтарының, БҰҰ жүйесі органдары мен жол қозғалысының қауіпсіздігі саласында жұмыс істейтін басқа да халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
«Конгрестің негізгі мақсаты - жол қозғалысының қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғалары мен олардың салдарынан азаматтардың қорғалуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша жарыссөздер өткізу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі стратегиялар мен бағдарламаларды жүзеге асыру тәжірибелерімен алмасу болып табылады», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ТМД Парламентаралық ассамблеясының баспасөз қызметінен.