ТМД Мемлекетаралық банкінің пайдасы 2 еседен астамға өсті

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - 1993 жылы құрылған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Мемлекетаралық банкінің - халықаралық несиелік ұйымның пайдасы 2009 жылдың 9 айы ішінде 2 еседен астамға өсіп, 352 млн. рубльді құрады.
None
None

 Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 142 млн. рубль болып отыр.

 ҚазАқпарат тілшісіне банк баспасөз қызметінің хабарлағанындай, банктің капиталы 2009 жылғы 9 айының қорытындысы бойынша 2,3 млрд рубльді құрады. Бұдан бір жыл бұрын банк капиталы 1,87 млрд. рубль  болатын. Мемлекетаралық банк теңгерімінің сомасы 2009 жылғы қазанның 1-інде 6,9 млрд рубльді құрап, 2009 жылдың басымен салыстырғанда 14,3 пайызға өсті.

Соңғы жаңалықтар