ТМД мемлекеттері Экономикалық кеңесінің отырысы Алматыда тұңғыш рет өтіп отыр - Өмірзақ Шөкеев

МАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ендігі мақсат жылдың аяғына дейін Еркін сауда аймағы туралы келісім жобасына қол қою.
None
None

ТМД Экономикалық кеңесінің мүшесі, ҚР Премьер-Министрінің 1-орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматыда ТМД Экономикалық кеңесінің 51-ші отырысында осылай айтты.

"ТМД мемлекеттері Экономикалық кеңесінің отырысы Алматыда тұңғыш рет өтіп отыр. Оған өте жоғары деңгейдегі тұлғалар келіп қатысты. Маңызды мәселелер қаралды. Мәселен, ТМД елдері арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді барлық елдермен талқылап, келісімге келуге өте жақын тұрмыз», - дейді Өмірзақ Естайұлы. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда ТМД елдерінде еркін сауда туралы екіжақты келісімдер бар болғанымен ортақ келісім жоқ. Ортақ келісімге келу үдерісі ұзақ мерзімнен бері жүріп келе жатыр. Мәселен, Өзбекстан мен Тәжікстан бүгінде өздерінің ескертпелерін қайтып алған. Енді қазан айының ортасында еркін сауда аймағы туралы келіссөздің келесі кезеңі болады. Ал тараптар қарама-қайшылықтың барлығын жоюға тырысуда.

Соңғы жаңалықтар