ТМД мен Еуропа парламентшілері кейбір елдердегі фашизмді ұлықтау және ардагерлерді қудалау талпыныстарын айыптаған декларация қабылдады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД мен Еуропа парламентшілері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мәжілісте кейбір елдердегі фашизмді ұлықтау және ардагерлерді қудалау талпыныстарын айыптаған декларация қабылдады.
None
None

«Конференцияға қатысушылар Ұлы Отанысының қорытындысын қайта қарау талпыныстарының заңсыздығы туралы мәлім етеді және фашизм мен оның сыбайластарын ұлықтау талпыныстары күшейіп отырған бірқатар елдердегі ардагерлердің қудалану фактілерін үзілді-кесілді айыптайды», делінген қорытынды құжатта.

Декларацияда сондай-ақ, «Екінші Дүниежүзілік соғыстың қорытындысына қатысты қос стандарттылық саясаттың көріністері мемлекетаралық қарым-қатынастарға теріс әсерін тигізіп, әлем қоғамдастығының заманауи жаһандық ығыттар мен қауіптерінің алдындағы бірлігіне іріткі салып отырғаны» атап көрсетілді.

Конференцияға Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Молдова, Тәжікстан, басқа да елдердің делегаттары, сондай-ақ Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілдері және Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар