ТМД-ның аэронавигациялық кәсіпорындары ұлттық аэронавигациялық жүйелердің интеграциясы мәселелерін талқылауда
деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.
«Еуразия» Үйлестіруші Кеңесі Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 6 елінің (Әзірбайжан, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) аэронавигациялық кәсіпорындарын біріктіреді. Кеңеске бақылаушылар ретінде азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар өкілдері, оның ішінде ИКАО мен Мемлекетаралық Авиациялық комитеті өкілдері келді.
«Еуразия» үйлестіруші кеңесінің іс-қимылы аэронавигациялық қызмет көрсетудің барлық саласы бойынша Қазақстанмен іргелес елдердің аэронавигациялық қызметтерімен ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған. Сонымен, «Еуразия» үйлестіруші кеңесінің отырысы әуе қозғалысының ағыны мен қызмет көрсетуін ұйымдастыру, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа перспективалық тәсілдерді және әуе қозғалысы қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ИКАО ұсыныстарын енгізу бойынша іс-қимылды үйлестірудің шаралары туралы пікірталас «алаңы» болып табылады.
Күн тәртібіне ұлттық аэронавигациялық жүйенің аса терең интеграциясы мен «Восток» Халықаралық аэронавигациялық қызмет іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелері енгізілді.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Рәділбек Әдимолда кіріспе сөзінде мұндай интеграцияның өте қажет екендігін, себебі әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалану - ортақ мақсат үшін күш салуды біріктіретіндігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша оған қатысушылар Кеңестің негізгі іс-қимылдары көрсетілген хаттамаға қол қояды.