ТМД-ның білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық келісіміне өзгертулер енгізіледі

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қыркүйектің 28-30 күндері аралығында ТМД Атқарушы комитетінде өтетін кезекті отырыс барысында Достастық сарапшылары білім беру саласындағы жобалар мен құжаттарды талқыға салады.
None
None

Бірінші кезекте, сарапшылар ТМД-да Бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жобасын қарайды. Құжатқа 1997 жылы қол қойылған болатын.

Отырыс барысында сараптамалық топтың мүшелері Мәскеудің Экономика, статистика және информатика мемлекеттік университетіне қашықтықтан және электронды білім беру саласындағы Достастық елдерінің базалық ұйымы мәртебесін беру туралы және Республикалық кәсіби білім беру институтына (Беларус Республикасы) кәсіби-техникалық және арнайы орта білім беру жүйесінде кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру, кәсіби даярлау жөніндегі базалық ұйым мәртебесін беру туралы шешімнің жобасын талқылайды, деп хабарлады Атқарушы комитеттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар