ТМД-ның Еркін сауда аймағы туралы келісім жобасы Үкімет басшыларының Санкт-Петербордағы мәжілісінде қаралатын болды

МАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ТМД Экономикалық кеңесінің 51-ші мәжілісі өз жұмысын аяқтады. Атқару комитетінің төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевтің айтуынша, алқалы жиында жиырмаға жуық мәселе қаралды.
None
None

"Барлық мәселелер бойынша сәйкес шешімдер қабылданды. Кейбірі қосымша толықтыруға жіберілді. Күн тәртібінде талқыланған бірде-бір мәселе кейінге қалдырылған жоқ. Онда негізгі мәселе - ТМД-ның Еркін сауда аймағы туралы келісім жобасы болды. Алайда бұл келісімге мүше-мемлекеттердің барлығы бірдей қол қоюға әлі дайын емес болғандықтан, ТМД-ға мүше елдердің үкіметтері олқылықтарды жою үшін келіссөздерді одан ары жалғастыратын болды», - дейді С. Лебедев.

Соңғы жаңалықтар