ТМД ПАА Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына қатысады

Ассамблея 2000 жылғы 14 қарашадағы Ұлттық жиналыс Өкілдер палатасы сайлауынан бастап, Беларусь Республикасының президенттік сайлауына да, парламенттік сайлауына да дәстүрлі түрде қатысып келеді. ТМД ПАА-дан байқаушылар тобы мониторингіде қатысқан бұдан бұрынғы президенттік сайлау 2010 жылғы 19 желтоқсанда өткен болатын, деп хабарлады ассамблеяның сайты.
Парламенттік Ассамблея ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттері парламентшілері мен депутаттарынан құралған байқаушылар тобын қалыптастырып, Беларусь Республикасына аттандырады. Сондай-ақ оған ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттерінің демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлаушылар құқықтарын сақтау халықаралық институтының сарапшылары мен Кеңес хатшылығының қызметкерлері де қатыспақ.
Байқаушылар Беларусь Республикасындағы Президент сайлауына мониторингіні ел астанасы - Минскіде ғана емес, аймақтарында да, сондай-ақ шетелдік сайлау учаскелерінде де өткізетін болады.