08:28, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
ТМД ПАА өкілдері Молдавадағы референдум мен Әзірбайжандағы парламенттік сайлауды бақылауға қатысады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Жылдың аяғына дейін ТМД Парламентаралық ассамблеясының халықаралық бақылаушы тобы қатарынан екі іс-шараға, Молдавадағы республикалық конституциялық референдумның дайындалуы мен өткізілу барысын және Әзірбайжан Республикасындағы парламенттік сайлаудың өткізілуін бақылауға қатысатын болады.

ТМД Парламентаралық ассамблеяның баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағандай, Молдава Республикасы Орталық сайлау комитетінің төрағасы Евгений Штирбудың шақыруы бойынша ТМД ПАА-ның халықаралық бақылаушы тобы 2010 жылғы қыркүйектің 5-інде өтетін республикалық конституциялық референдумның дайындалуы мен өткізілу барысын бақылауға қатысатын болады.
Әзірбайжан Республикасы Милли Меджілісінің төрағасы Октай Асадовтың шақыруымен ТМД ПАА-ның халықаралық бақылаушы тобы 2010 жылғы қарашаның 7-сінде өтетін Әзірбайжан Милли Меджілісіндегі сайлаудың дайындығы мен өткізілу барысын бақылайтын болады.