14:42, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
ТМД Парламентаралық Ассамблеясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғау мәселелері талқыланады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Бүгін Санкт-Петерборда Таврия сарайында 34-ші мәжілісін өткізетін ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғаумен байланысты бірқатар мәселелерді қарайды.
ҚазАқпаратқа Ассамблеяның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Достастық елдерінің парламентшілері кездесулерінде ардагерлерге көмектесу, жастарға патриоттық тәрбие беру және нацизмді ұлықтауға жол бермеу мәселелеріне жіті назар аудару туралы шешім қабылдады.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің кеше өткен мәжілісіне қатысушылар Ассамблея аясында «Фашизм идеологиясын және нацистік символикаларды насихаттауға тыйым салу туралы» модельдік заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын туралы шешім қабылдады.