ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делегациясы Қырғызстанға сапармен келеді

БІШКЕК. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Ақпанның 27-сінде Қырғызстанға бас хатшы Михаил Кротов бастаған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делегациясы сапармен келеді.
None
None

Делегация құрамына Федерация Кеңесінің ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Молчанов, комитет аппаратының жетекшісі Евгений Чайковский кіреді.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бас хатшысы жұмыс сапарының аясында Жогорку Кенеш төрағасы Зайнидин Құрмановпен кездеседі. Оның барысында ассамблея аясындағы парламентаралық ынтымақтастық пен серіктестіктің перспективаларын дамыту мәселелерін талқылау жоспарлануда

Соңғы жаңалықтар