09:47, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Тобыл өзенінде жас жігіт суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Тобыл өзенінде шомылу кезінде 21 жастағы жігіт батып кетті, деп хабарлады бүгін Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖ министрлігінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Қостанай ауданындағы Тобыл өзенінің Гагарин бөгетінде дүйсенбі, 9 мамырда сағат 12.00 кезінде орын алды. Көз жұмған азаматтың денесі судан ҚР ТЖМ судан құтқару қызметкерлерінің күшімен 17.30 сағатта шығарылды.