14:24, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
«Тобылдың» жанкүйерлері Қостанай облысының әкімін сұрақтың астына алды
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов «Тобыл» командасының соңғы ойындардағы көңіл көншітпейтін нәтижелеріне ашу білдірген жанкүйерлерді сабырлыққа шақырды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Н.Сәдуақасовтың пікірінше, футболшыларға күресу мүмкіндігін беру қажет.
Еске салайық, қостанайлық клуб сегізінші турдан кейін бар болғаны алты ұпаймен турнирлік кестенің тоғызыншы орнында тұр.