Тоғыз ай ішінде Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан 72 адам мерт болды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Тоғыз ай ішінде Павлодар облысының аумағында 266 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың 36-сында балалар зардап шекті, 72 адам, оның ішінде 4 бала опат болды.
None
None

Жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жолдардағы оқиғалардың саны - 22 пайызға, опат болғандардың саны 25,8 - пайызға, жарақаттанғандардың саны 24,1 пайызға азайған.

 Жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 862 қылмыс ашылды, қоғамдық тәртіпті бұзудың 396 фактісі анықталды және жолы кесілді.

Соңғы жаңалықтар