17:21, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Токиода экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторы бірлескен комиссиясының 2-ші отырысы өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қыркүйектің 28-29-ы аралығында Токиода экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторы бірлескен комиссиясының 2-ші отырысы өтеді.
Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.
Оның атап өтуінше, келіссөздер барысында қазақстандық делегацияны Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков, ал жапондық тарапты Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Хидеичи Окада басқармақ.
«Отырысқа қатысушылар энергетика, сауда, қаржы, инвестиция және технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтасты кеңейтудің перспективаларын қарастырады», деп атап өткен ресми өкіл аталған іс-шаралардың қорытындысында қазақстандық-жапондық экономикалық ынтымақтастықты белсендіру бойынша іс-әрекеттердің, сонымен қатар хаттамаға қол қою жоспарланғандығын мәлім етті.