Төмен байытылған уран Үлбі зауытында еуропалық 30В стандарттарына сай сақталады - Жақсалиев

«Төмен байытылған уран банкін құру жобасы атом электр стансалары үшін резервтік отын қорын құруды білдіреді. МАГАТЭ банкте сақталатын уранның иесі саналады және отын оның бақылауында әрі ресми заңды иелігінде болады. Бұл банк тұрақты жеткізілім көзі немесе қандай да бір дүкен болып саналмайды. Уран резерві қол сұғылмайтын қор ретінде есептелінеді. Ол уран нарығында дағдарысты жағдай орын алған кезде ғана пайдаланылады», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, төмен байытылған уран Үлбі металлургиялық зауытында гексавторид түрінде контейнерлер мен цилиндирлерде еуропалық 30В стандарттарына сай сақталады. Гексафторид дегеніміз алты фторлы уран және қатты әрі 70 градус температурада газ күйінде болады.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ нысандарына жаңғырту жұмыстары жүргізілді. МАГАТЭ-нің банкті аталған алаңда орналастыру шешімі зауыт қауіпсіздігінің өте жоғары екендігін мойындауын, жұмысшылары тәжірибиесі мен кәсіпорын жұмысы сапасының қатаң халықаралық критерийлер және жіктелімдерге сай екендігін білдіреді. Бұл зауыттың халықаралық нарыққа шығуы барысында жақсы мүмкіндіктер ашады», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентік арасындағы Қазақстан Респубилкасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасы талқыланды.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ында орналастыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдаған болатын. Сол жылдың 27 тамызында келісімге Қазақстан тарапынан Ерлан Ыыдырсов пен МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано қол қойған еді.