Тонаушылық қылмыстарға күдіктілер ұсталды - Қарағанды облысы ІІД

ҚАРАҒАНДЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда бірнеше тонау қылмыстарына күдікті екі жас жігіт ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полициясы бөліміне 7 қаңтарда тонаушылық шабуыл жөнінде екі шағым түсті. Екеуінде де зардап шеккендер  тонаушылардың ақша салған сөмкелері мен  косметикаларын тартып алғанын хабарлады. Шабуыл жасаушылардың әрекеттері бір-біріне ұқсас», - деп хабарланды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қарағанды қаласы ІІБ патруль полициясы полкінің қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктілерді қолға түсірді. Олар 19 және 21 жасар жас жігіттер болып шықты.

«Тонаушылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Айғақ заттар тәркіленді. Жедел-тергеу шаралары барысында олардың Қарағандыда осындай тағы 4 қылмысқа қатыстары бар екені анықталды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар